Жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлген объектiлердi сату туралы әлеуеттi шетел инвесторларын дер кезiнде хабардар ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 27 қыркүйек N 454-ө

      Жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлген объектiлердi сату туралы әлеуеттi шетел инвесторларын дер кезiнде хабардар ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бұқаралық ақпарат құралдарында тендерлiк шарттарды жариялаумен бiрге сату шарттары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiберсiн және оларды "Интернет" жүйесi бойынша берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының елшiлiгiнен және шетел өкiлдерiнен, сондай-ақ республикада тiркелген шетел мемлекеттерiнiң елшiлiктерi мен өкiлдiктерiнен алынған деректердi уақтылы берсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады