Қант диабетiмен сырқаттанатындарды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 2 қазан N 463-ө
1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен медицина мекемелерiне қант диабетiне қарсы қолданылатын құралдар сатып алуды ұйымдастыру жөнiнде тендер өткiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тендер нәтижесi бойынша және қант диабетiне қарсы қолданылатын құралдар берiп тұру үшiн қол қойылған контрактiлер негiзiнде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiн басым тәртiппен қаржыландыруды 1996 жылға арналған республикалық бюджетте дәрi-дәрмектер мен таңу құралдарын сатып алуға көзделген қаражаттар есебiнен жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi жүк алушыны айқындасын және қант диабетiне қарсы қолданылатын препараттарды облыстар және Алматы қаласы бойынша бөлудi жүзеге асырсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз