Энергетика жүйесiн жекешелендiру шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 12 қараша N 512-ө

      Электр энергетикасындағы Жекешелендiру мен қайта құрылымдау бағдарламасына және "Қазақстан Республикасының энергетика жүйесiн басқаруда құрылымдық қайта құру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 қыркүйектегi N 1188 P961188_ қаулысын дамытуға сәйкес, жекешелендiру процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi:
      энергетика саласындағы iрi объектiлердi, оның iшiнде "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесiн жекешелендiрудi электр энергетикасының кәсiпорындарына стратегиялық инвесторларды тарту мақсатында халықаралық консалтингтiк фирмаларды мiндеттi түрде қатыстыра отырып тек тендерлiк негiзде жүзеге асырсын;
      ай сайын Үкiметке осы өкiмнiң орындалуы туралы ақпарат берсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады