Темiр жол көлiгiнiң қуатын арттыру жобасы жөнiндегi Халықаралық экономикалық Ынтымақтастық Қоры (Жапония) займының қаражатын пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 19 қараша N 521-ө

      "Темiр жол көлiгiнiң қуатын арттыру жобасы жөнiндегi Халықаралық экономикалық Ынтымақтастық Қоры (Жапония) займының қаражатын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 тамыздағы N 1064 P961064_ қаулысына сәйкес Темiр жол көлiгiнiң қуатын дамыту жобасын Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының займымен қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыруға 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген жалпы қаражат сомасының есебiнен Алматы темiр жолы басқармасына 1996 жылы қайтарымды негiзде 30 000 000 (отыз миллион) жапон иенiне баламды мөлшерде қаражат бөлiсiн.
      2. Алматы темiр жолы басқармасы бөлiнген қаражатты қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады