N 97 мүлiктiк сатып алу-сату контрактiсiне сәйкес мемлекеттiк органдарға жүктелген мiндеттемелердi орындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 6 желтоқсан N 552-ө

      "Жамбыл ГРЭС" мемлекеттiк кәсiпорны кешенiнiң Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Витол-Мұнай" жабық акционерлiк қоғамы 1996 жылғы 5 қыркүйекте қол қойған N 97 мүлiктiк сатып алу-сату контрактiсiне сәйкес мемлекеттiк органдарға жүктелген мiндеттемелердi орындау мақсатында:
      1. "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық жүйесi мен "Южказэнерго" бiрлестiгi үш күндiк мерзiм iшiнде "Жамбыл ГРЭС" мемлекеттiк кәсiпорнының, осы объектiнi жекешелендiру сәтiнде бар дебиторлық және кредиторлық берешектерiн қайта құрылымдауды олардың өзара есептемелерiн толық көлемiнде жүргiзу жолымен жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi осы өкiмнiң атқарылуына көмек көрсетiп, бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады