Бiрлескен кәсiпорын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 12 желтоқсан N 562-ө

      1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, "ЗИЛ" МАҚ, Ресей Федерациясы Росконверсаэрокосмосының "Целинсельмаш" АҚ базасында ЗИЛ автомобилi шассиi негiзiнде түрлi үлгiлердегi жүк автомобильдерiн шығару, босалқы бөлшектердiң консигнациялық қоймалары, аймақтық сервистiк қызмет

көрсету пункттерi мен көрме орталығы жөнiндегi бiрлескен кәсiпорын
құру туралы ұсынысы мақұлдансын.
     2. Бiрлескен кәсiпорынды құру, оны қаржыландыру көздерi мен
сызбаларын пысықтау үшiн мына құрамда ресей тарапымен бiрлесе отырып
жұмыс тобы құрылсын:

     Романов А.Ф.       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                          министрiнiң бiрiншi орынбасары, жұмыс
                          тобының жетекшiсi

     Браков Е.А.        - "ЗИЛ" МАҚ бас директорының орынбасары, жұмыс
                          тобы жетекшiсiнiң орынбасары (келiсiм
                          бойынша)

     Мусаелян Р.Н.      - Ресей аэроғарыш кешенiн конверсиялау
                          орталығының президентi, жұмыс тобы
                          жетекшiсiнiң орынбасары (келiсiм бойынша)

     Шевелев В.В.       - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
                          министрiнiң орынбасары, жұмыс тобы
                          жетекшiсiнiң орынбасары

                        Жұмыс тобының мүшелерi:

     Әлиғожанов С.Қ.    - Қазақстан Республикасының Көлiк және
                          коммуникациялар министрiнiң бiрiншi
                          орынбасары

     Андрющенко А.И.    - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                          орынбасары

     Менжулин Б.И.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                          орынбасары

     Нұрғалиева Е.Н.    - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң
                          орынбасары

     Тiлеуов С.С.       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                          министрiнiң орынбасары

     Смирнов А.В.       - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
                          басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                          төрағасының орынбасары

     Дуберман Ю.Е.      - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
                          орынбасары

     Смағұлов Н.Е.      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          азық-түлiк контракт корпорациясының
                          президентi

     Агупов А.А.        - Ресей аэроғарыш кешенiн конверсиялау
                          орталығы жобасының директоры

     Барбасов М.Ә.      - Қазақстан Республикасының Үкiметi
                          Аппаратының жауапты қызметкерi

     Саметова З.Д.      - Қазақстан Республикасының Үкiметi
                          Аппаратының жауапты қызметкерi

     Қанахин А.Ө.       - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
                          және сауда министрлiгi машина жасау және
                          жұмылдыру даярлығы бас басқармасының
                          бастығы

     Жақсыбеков А.Р.    - Ақмола облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары

     Сүлейменов М.Ғ.    - "Сельхозмаш" АҚ президентi

     Жақыпов М.К.       - "Целинсельмаш" АҚ президентi



      2. Жұмыс тобы 10 күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне Қазақстан мен Ресей Федерациясы аумақтарында лизингтi, вексель айналысы, бағалы қағаздарды пайдалануды ұйымдастыруды көздей отырып құрылатын бiрлескен кәсiпорынның қызметiн қаржыландыру тетiгi жөнiнде ұсыныс тапсырсын.
      3. "ЗИЛ" МАҚ дайындығын назарға ала отырып құрылатын бiрлескен кәсiпорынға алғашқы шасси қоюды алдын ала төлем жасау шартынсыз жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп Ресей аэроғарыш кешенiн конверсиялау орталығымен Қазақстан Республикасының аумағында желмен жұмыс iстейтiн энергия құрылғыларын құру мүмкiндiктерiн пысықтасын және бiр ай мерзiмде Үкiметке тиiстi ұсыныс енгiзсiн.
      5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т. Дүйсеновке жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады