Берешектi төлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 571

      Қазақстан Республикасының шетел несиешiсi - Барклайз банк (Ұлыбритания) алдындағы қаржылық мiндеттемелерiн орындау, сондай-ақ сыртқы борыштың көбеюiнен қашу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi банк-несиешiнiң ұсынған шоттарының негiзiнде 27 986 291,00 (жиырма жетi миллион тоғыз жүз сексен алты мың екi жүз тоқсан бiр) АҚШ доллары жалпы сомасындағы, оның iшiнде:
      1995 жылдың 1 желтоқсанына дейiн төленуге жататын 14 241 925,00 (он төрт миллион екi жүз қырық бiр мың тоғыз жүз жиырма бес) АҚШ доллары мөлшерiндегi сомадағы;
      1995 жылдың 1 желтоқсанына дейiн төленуге жататын 13 744 366,00 (он үш миллион жетi жүз қырық төрт мың үш жүз алпыс алты) АҚШ доллары мөлшерiндегi сомадағы берешектi 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен төлесiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады