Инвестициялық ахуалды жақсарту туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 31 желтоқсан N 593
1. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн:
"Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына оны Бүкiлдүниежүзiлiк сауда ұйымының талаптарына сәйкес келтiру үшiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн:
импортталатын және экспортталатын тауарларға Қазақстан Республикасына келгенге дейiн оларға алдын ала кедендiк ресiмдеу, iшiнара кедендiк тексеру жүргiзу ресiмдерiн белгiлесiн;
экспортталатын тауарлар үшiн шығу тегiн шектейтiн сертификаттың мiндеттi талаптарын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
кеден органдарының факстердi қабылдау тәртiбi туралы нұсқаулық және кедендiк мақсаттарға қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн, түпнұсқаларымен бiрге шығарсын;
кеден ережелерi мен рәсiмдерiне енгiзiлген барлық өзгерiстер туралы республикалық ай сайынғы хабаршы шығаруды жалғастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен және Бас прокуратурасымен келiсiп 1997 жылдың 1 наурызына дейiн шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi мен болуын оңайлатуға қатысты қолданылып жүрген нормативтiк актiлердi өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн экспорт-импорт лицензиясына жататын тауарларға лицензиялар беру тәртiбiн жеңiлдету туралы қаулының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
1997 жылдың 1 ақпанына дейiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн қызмет үшiн, көрсетiлген қызметтердiң өзiндiк құнына негiзделуге тиiс, төлем жасауды көздейтiн қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
өнiм және табиғи монополиялар қызметiн тұтынушыларға ұсынылған тарифтiк ставканы талқылауға мүмкiндiк беретiн көпшiлiк тыңдаулар өткiзу рәсiмдерiн белгiлесiн;
1997 жылдың 1 маусымына дейiн табиғи монополиялар қызметiне, олар көрсеткен қызметтер құнын реттеуге негiзделген, баға қоюды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi:
1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен ережесiне, 1998 жылдан бастап оларды енгiзудi ескере отырып, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп, 1997 жылдың 1 маусымына дейiн құрылыс саласындағы стандарттарға, Қазақстан Республикасында 1993 жылдан бастап халықаралық стандарттар енгiзудi ескере отырып, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынсын.
6. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi бiр ай мерзiм iшiнде халықаралық талаптарға сәйкес стандарттардың үйлесiмдiлiгi мен сертификаттық жүйесi жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз