Аварияны жоюға жетпей тұрған сома жергiлiктi бюджет, сондай-ақ мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жабылсын.
2. Көкшетау облысының әкiмi 1997 жылдың бiрiншi тоқсанының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне орындалған жұмыстың көлемi мен құны туралы баяндасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы
Қаржы-валюта бақылау комитетi бөлiнетiн қаражаттың қатаң мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Н.М.Макиевский) болған аварияның себептерi мен оған кiнәлi адамдарды 10 күн мерзiм iшiнде анықтап, Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндасын. 5. Өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары