Сынақ полигондары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1997 жылғы 17 қаңтардағы N 7

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сынақ полигондарын (Сары-Шағын, Ембi, 4 ГЦП және 929 ГЛИЦ объектiлерi мен ұрыс алаңдарын) жалға беру туралы 1996 жылғы 18 қазанда Москва қаласында қойылған шарттарды жүзеге асыру мақсатында:
      1. Сынақ полигондарын жалдау туралы шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiмен жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер мен сынақ полигондарының жер учаскелерiн жалға беру жөнiндегi жұмыстардың мерзiмi мен тәртiбiн келiссiн.
      3. Ведомствоаралық комиссия әрбiр сынақ полигоны бойынша жұмыс топтарын құрсын және 1991 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша мүкаммалдық ведомствоға сәйкес жалға берiлетiн сынақ полигондарының жылжымалы және жылжымайтын мүлiктерiн, сондай-ақ 1995 жылғы 20 қаңтардағы сынақ полигондарын жалдау мен пайдалану тәртiбiнiң шарттары туралы келiсiммен айқындалған шекаралардағы сынақ полигондарының жер учаскелерiн ресей

тарапына берудi 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн жүзеге асырсын.
     4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қорғаныс 
министрлiгi бiр апта мерзiмде сынақ полигондарын жалдау туралы шарттардың 
ережесiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың жоспар-кестесiн әзiрлесiн және 
оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.

     Премьер-Министрдiң
     бiрiншi орынбасары
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы  17 қаңтардағы
                                           N 7 өкiмiне
                                               қосымша

          Сынақ полигондарын жалдау туралы шарттарды жүзеге
          асыру жөнiндегi ведомстволық комиссияның құрамы:

     Яловенко П.С.            - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                                министрiнiң қару-жарақ жөнiндегi
                                орынбасары, комиссия төрағасы
     Әбдiрахманов Е.О.        - Қазақстан Республикасының Экономика
                                министрлiгi Қорғаныс кешенi
                                экономикасы басқармасы бастығының
                                орынбасары, комиссия төрағасының
                                орынбасары
     Атабаев С.Ж.            -  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                                мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                                комитетiнiң негiзгi салалар бас
                                басқармасының бөлiм бастығы, комиссия
                                төрағасының орынбасары

                    Комиссия мүшелерi:

     Васимов А.Ш.             - Қазақстан Республикасының Қарулы
                                Күштерi әуе шабуылына қарсы әскерлер
                                қолбасшысы
     Жоламанов Н.А.           - Қазақстан Республикасының Қарулы
                                Күштерi әуе шабуылына қарсы жаяу
                                әскерлер қолбасшысы
     Ыбыраев М.Ш.             - Қазақстан Республикасының Қарулы
                                Күштерi әскери-әуе күштерiнiң
                                қолбасшысы
     Степанов Г.Ф.            - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                                министрлiгiнiң бөлiм бастығы
     Әбдiғарипов И.Ә.         - Қазақстан Республикасының Экономика
                                министрлiгiнiң бөлiм бастығы
     Жұбанышев С.Қ.           - Қазақстан Республикасының Экономика
                                министрлiгiнiң бас маманы
     Тоқтамысов М.С.          - Қазақстан Республикасының Экономика
                                министрлiгi басқарма бастығының
                                орынбасары
     Ибрашев Т.Н.             - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                министрлiгiнiң бөлiм бастығы
     Ысқақов Ж.К.             - Қазақстан Республикасының Сыртқы
                                iстер министрлiгi басқармасының
                                бiрiншi хатшысы
     Құлмағамбетов К.А        - Қазақстан Республикасы Сыртқы
                                iстер министрлiгiнiң Атташесi
     Савельев С.Р.            - Қазақстан Республикасының Сыртқы
                                iстер министрлiгi басқармасының
                                бiрiншi хатшысы
     Дурнов Н.Н.              - Қазақстан Республикасының Экология
                                және биоресурстар министрлiгiнiң
                                жетекшi маманы
     Лычев А.И.               - Қазақстан Республикасының Экология
                                және биоресурстар министрлiгiнiң
                                басқарма бастығының орынбасары
     Омаров С.С.              - Қазақстан Республикасының Экология
                                және биоресурстар министрлiгiнiң
                                бөлiм бастығы
     Шевцов С.П.              - Қазақстан Республикасының Экология
                                және биоресурстар министрлiгiнiң
                                бас маманы
     Далбаев Е.С.             - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                қауiпсiздiк комитетiнiң бөлiм
                                бастығы (келiсiм бойынша)
     Жантемiров М.К.          - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                                қауiпсiздiк комитетi басқарма
                                бастығының орынбасары (келiсiм
                                бойынша)
     Оқасов С.К.              - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                қауiпсiздiк комитетiнiң бөлiм
                                бастығы (келiсiм бойынша)
     Товкач Г.М.              - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                қауiпсiздiк комитетiнiң басқарма
                                бастығы (келiсiм бойынша)
     Қыпшақбаев А.И.          - Қазақстан Республикасының
                                Радиоэлектроника және байланыс
                                жөнiндегi ұлттық орталығының
                                бас директоры
     Сманов Е.С.              - Қазақстан Республикасының Жер
                                қатынастары және жерге орналастыру
                                жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                                мемжеринспекциясы бастығының
                                орынбасары
     Сысолятин В.Н.           - Қазақстан Республикасының Жер
                                қатынастары және жерге орналастыру
                                жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                                бөлiмi бастығының орынбасары
     Шавернев В.В.            - Қазақстан Республикасының Жер
                                қатынастары және жерге орналастыру
                                жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                                бөлiм бастығы
     Құлышев Қ.С.             - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                                мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                                комитетiнiң бөлiм бастығы
     Әубәкiров А.Н.           - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                                кеден комитетiнiң бас инспекторы
     Керiмбеков Д.А.          - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                                кеден комитетiнiң бөлiм бастығы
     Қожабеков Б.Қ.           - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                                кеден комитетiнiң бөлiм бастығы
     Оболонкин Н.Н.           - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                                кеден комитетi заң басқармасының
                                бас инспекторы
     Супрун В.В.              - Ақтөбе облысы әкiмiнiң бiрiншi
                                орынбасары
     Селбаев А.С.             - Атырау облысы әкiмiнiң бiрiншi
                                орынбасары
     Сапаралиев Ж.С.          - Жамбыл облысы әкiмiнiң бiрiншi
                                орынбасары
     Сатпаев С.К.             - Жезқазған облысы әкiмiнiң орынбасары
     Мясников В.Г.            - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
                                бiрiншi орынбасары
     Нұрғисаев С.Ө.           - Қызылорда облысы әкiмiнiң бiрiншi
                                орынбасары
     Балғақбаев Е.Д.          - Батыс Қазақстан мемлекеттiк мүлiктi
                                басқару жөнiндегi аумақтық комитетiнiң
                                төрағасы
<*>

     Катков В.П.              - Жезқазған мемлекеттiк мүлiктi басқару
                                жөнiндегi аумақтық комитетi 
                                төрағасының орынбасары
<*>

     Өмiрзақов И.К.           - Ақтөбе мемлекеттiк мүлiктi басқару 
                                жөнiндегi аумақтық комитетi 
                                төрағасының бiрiншi орынбасары
     ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.03.04. N 57 өкiмiмен.
               

R970057_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады