Жаңа тарифтер белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 27 наурыздағы N 80. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрiнiң 2004.12.31. N 385 өкiмiмен

      1. "Делойт и Туш" компаниясының тәуелсiз сараптамасына сәйкес "Алматы Пауэр Консолидейтид" компаниясының нақты шығындары мен 1996-1997 жылдың қысында тарифтердi өзгертудi кiдiртуiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгi Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшiн 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап кВт.с. үшiн 3.50 теңге және Гкал үшiн 1500 теңге мөлшерiнде электр энергиясы мен жылуға арналған жаңа тарифтер белгiлесiн, ол Үкiметтiң ағымдағы жылға арналған тарифтiк саясатына сәйкес келедi. 
      Алматы қаласының әкiмi өзiнiң құзыретiне сәйкес жылуға арналған жаңа тарифтi бекiтсiн және "Алматы Пауэр Консолидейтид" компаниясының алдындағы жергiлiктi бюджеттiң қарыздарын өтеу жөнiнде шаралар қолдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдары "Алматы Пауэр Консолидейтид" компаниясымен бiрлесiп жөндеу жұмыстарының, тараптардағы шығындарды қысқарту және станцияларды дербес балансқа бөлу кестелерiн әзiрлеп, бекiтсiн. 

       Премьер-Министр

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады