Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген шетел азаматтарын елден кетiру жөнiнде шұғыл шаралар қабылдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 17 сәуiр N 105-ө

      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (Қ.Ш.Сүлейменов) Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген шетел азаматтарын елден кетiру жөнiнде шұғыл шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi (Ю.И.Лавриненко) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша республика аумағынан келтiрiлетiн адамдарды темiр жол немесе автомобиль көлiктерiмен тасымалдауға қажеттi орын санын бөлсiн.
      3. Облыс пен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген шетел азаматтарын кетiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға байланысты шараларды қаржыландыруды "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 P930186_ қаулысымен бекiтiлген, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбiнiң 49-тармағына сәйкес жүзеге асырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады