Қаржы бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 3 мамырдағы N 125

      1. Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне көктемгi дала жұмыстарын жүргiзу үшiн мемлекеттiк резервтен:
      Ақмола облысына - 17 мың тонна;
      Солтүстiк Қазақстан облысына - 15 мың тонна дизельдiк отын бөлу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi жоғарыда көрсетiлген мақсатқа мемлекеттiк резервтен жаңалау тәртiбiмен, оны 1997 жылдың 1 тамызына дейiн мемлекеттiк резервке қайтару және Ақмола мен Солтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң кепiлдiктi мiндеттемесiмен тауар несиесiн пайдалану кезеңi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне проценттер төлеу шартымен 32 мың тонна дизель отынын босатсын.
      3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ж.С.Кәрiбжановқа жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады