Республиканың агроөнеркәсiп кешенiн өсiмдiктердi қорғау құралдарымен қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi мен "Прогресс" акционерлiк қоғамының "Рон-Пуленк" француз фирмасымен өсiмдiктердi қорғау құралдарын өндiру жөнiндегi бiрлескен кәсiпорын құру туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен "Прогресс" АҚ акционерлерiнiң жиналысында:
"Прогресс" АҚ мемлекеттiң салымы ретiнде құрылатын бiрлескен кәсiпорынның жарғылық қорына берiлетiн өндiрiстiк қуаттары мен мүлкiнiң тiзбесiн айқындау;
өндiрiстi бөлiктеу;
"Прогресс" АҚ өндiрiстiк қуаттары мен мүлкiнiң бөлiктендiрiлген бөлiктерiн мемлекеттiң салымы ретiнде құрылатын бiрлескен кәсiпорынның жарғылық қорына беру мәселелерi бойынша шешiм қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен
активтердi басқару департаментi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгiмен бiрлесiп "Прогресс" АҚ акционерлерi жиналысының шешiмiнен
кейiн бiр ай мерзiм iшiнде құрылатын бiрлескен кәсiпорынның құрылтайшылық
құжаттарын әзiрлеу және бекiту жөнiнде шаралар қабылдасын.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева Ә.Ж.