Қазақстан Республикасы мен Жапонияның арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарыy бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 6 мамырдағы N 132

      1. Қазақстан Республикасы мен Жапонияның арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1392 P961392_ қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы мен Жапонияның арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк

комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары, ұйымдары Қазақстан
Республикасы мен Жапонияның арасындағы экономикалық ынтымақтастықты
жандандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарында көзделген шараларды орындауды
қамтамасыз етсiн.
     3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

     Премьер-Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Премьер-Министрiнiң
                                       1997 жылғы 6 мамырдағы
                                          N 132 өкiмiмен
                                            бекiтiлген

           Қазақстан Республикасы мен Жапонияның арасындағы
                экономикалық ынтымақтастықты жандандыру
                      жөнiндегi iс-қимыл жоспары
_____________________________________________________________________
 N |                           | Орындалу |      Орындалуына
р/с|           Шаралар         |  мерзiмi |       жауаптылар
___|___________________________|__________|__________________________
 1 |          2                |    3     |        4
--------------------------------------------------------------------- 

 1  Жапония тарапымен Дамытуға     1997     Қаржыминi, Қаржыминiнiң
    ресми көмек көрсету Бағдар.   жылдың    Сырттан қарыз алу жөнiн.
    ламасы (ОДА) мәселелерi       iшiнде    дегi комитетi, Эконом.
    жөнiнде консультациялар                 саудаминi, Сыртқыiсминi
    өткiзу

 2  Қазақстанға экспортты кеңей.    _"_     Қаржыминi, Экономсаудаминi
    ту үшiн Жапонияның Өнеркәсiп
    және сыртқы сауда министрлiгi
    бекiткен сауда сақтандыру
    желiсiн игеру

 3  Шағын және орташа бизнестi      _"_     Экономсаудаминi, Инвест.
    дамыту үшiн аймақтық басым.             мемком, облыстардың,
    дықтарды айқындау, тiкелей              Алматы қаласының әкiмдерi,
    инвестицияларды тарту                   Қазақстан Кәсiпкерлерi
    жөнiндегi жобаларды iрiктеу             конгресi

 4  Жапон жағымен ынтымақтастық     _"_     Экономсаудаминi,
    үшiн экономиканың басым                 Инвестмемкомы, Қаржыминi.
    секторларындағы инвестиция.             нiң Сырттан қарыз алу
    лық жобалардың ақпараттық               жөнiндегi комитетi,
    банкiмен мүмкiн болатын                 Қазақстан Кәсiпкерлерi
    қазақстандық әрiптестердiң              конгресi
    тiзiмiн қалыптастыру

 5  Қазақстанда шағын және         1997     Қазақстан Эксимбанкi
    орташа бизнестi қолдау және   жылдың
    дамыту үшiн Жапония Эксим.    iшiнде
    банкiнiң екi қадамдық заем
    беруi туралы келiсiмдi
    жүзеге асыру

 6  Экономика сауда министрлi.     1997     Экономсаудаминi,
    гiнде Жапониямен экономика.   жылдың    Қаржыминi
    лық өзара iс-қимыл жөнiндегi   мамыры
    құрылымдық бөлiмше құру

 7  Жапониядағы Қазақстан Рес.     _"_      Сыртқыiсминi, Қаржыминi
    публикасының Елшiлiгiнде
    экономикалық ынтымақтастық
    жөнiнде арнаулы бюро ашу

 8  Сырттан қарыз алу жөнiндегi    _"_      Қаржыминiнiң Сырттан
    комитетте Жапония Үкiметiмен            қарыз алу жөнiндегi
    және қаржы ұйымдарының тара.             комитетi, Қаржыминi
    пынан дамуға ресми көмегiн
    қолдау жөнiндегi сектор
    ұйымдастыру

 9  Жапон мамандарын белгiленген   1997     Қаржыминiнiң Сырттан
    тәртiппен кеңесшi, консуль.   жылдың    қарыз алу жөнiндегi
    тант және сарапшы ретiнде     iшiнде    комитетi, Сыртқыiсминi,
    жұмысқа тарту                           Экономсаудаминi,
                                            Инвестмемкомы


 10 Алматыда Экономикалық ынты.     _"_     Экономсаудаминi, Сыртқыiс.
    мақтастық жөнiндегi қазақ.              минi, Қаржыминi, Қаржы.
    стан-жапон және жапон-                  минiнiң Сырттан қарыз алу
    қазақстан комитеттерiнiң                жөнiндегi комитетi,
    төртiншi бiрлескен мәжiлiсiн            Инвестмемкомы
    өткiзу

 11 Жапон тарапының жәрдемiмен,     _"_     Экономсаудаминi, Қаржы.
    оның iшiнде Жапонияда                   минiнiң Сырттан қарыз алу
    стажировкадан өткiзу арқылы             жөнiндегi комитетi,
    мемлекеттiк қызметкерлердi,             Инвестмемкомы, Бiлiм және
    аспиранттарды, студенттердi             Мәдениетминi, Үкiметтiң
    және кәсiпкерлердi даярлау              жанындағы мемқызметкер.
                                            лердi қайта даярлау және
                                            бiлiктiлiгiн жетiлдiру
                                            институты

 12 Жапон тарабымен бiрлесiп        _"_     Экономсаудаминi, Инвест.
    министрлiктердiң, мемлекеттiк           мемкомы, Қаржыминiнiң
    комитеттердiң және Қазақстан.           Сырттан қарыз алу
    ның өзге де орталық атқарушы            жөнiндегi комитетi
    органдары мен iскер топтары
    басшыларының қатысуымен
    конференциялар мен семинарлар
    ұйымдастыру

 13 Экономикалық ынтымақтастық       _"_    Экономсаудаминi, Инвест.
    жөнiндегi қазақстан-жапон               мемкомы,Қаржыминiнiң
    және жапон-қазақстан коми.              Сырттан қарыз алу
    теттерiнiң жұмысының                    жөнiндегi комитетi,
    шеңберiнде ақпарат алмасуды             Сыртқыiсминi
    ұйымдастыру

 14 Жапонияның үкiметтiк және      жарты    Экономсаудаминi, Инвест.
    үкiметтiк емес ұйымдарымен,    жылда    мемкомы, Қаржыминiнiң
    фирмаларымен бiрлесiп жүзеге   бiр рет  Сырттан қарыз алу
    асырылатын жобалар мен                  жөнiндегi комитетi,
    шараларды iске асырудың                 Сыртқыiсминi
    барысында талдауды және
    Үкiмет шешiмiн қажет ететiн
    мәселелер жөнiнде ұсыныстар
    дайындау

 15 Экономикалық ынтымақтастықтың   1997
    шарттық-құқықтық негiзiн       жылдың
    кеңейту, екi жақты келiсiмдер  iшiнде
    мен шарттарды қол қоюға
    дайындау

    Қос салық салудан қашу және      _"_    Қаржыминi, Қаржыминiнiң
    салық төлеуден жалтаруды                Салық комитетi, Сыртқы.
    болдырмау туралы конвенция              iсминi, Әдiлетминi

    Қоршаған орта саласындағы        _"_    Экобиоресурсминi,
    ынтымақтастық туралы келiсiм            Сыртқыiсминi, Әдiлетминi

    Еңбектiң өнiмдiлiгiн арттыру,    _"_    Еңбек және халықты әлеу.
    мамандар даярлау және консал.           меттiк қорғауминi,
    тингтiк қызмет салаларындағы            Экономсаудаминi, Сыртқы.
    ынтымақтастық туралы келiсiм            iсминi, Әдiлетминi

 16 Жапонияның үкiметтiк ұйымда.     1997   Экономсаудаминi, Инвест.
    рымен сыртқы сауданы (ДЖЕТРО)   жылдың  мемкомы, Сыртқыiсминi,
    дамыту жөнiндегi, Қазақстанда   iшiнде  Саудаөнеркәсiп палатасы
    және Жапонияда сауда-өнеркәсiп
    көрмелерiн өткiзу мәселелерi
    бойынша келiссөздер өткiзу,
    сондай-ақ жапон рыногына
    тауар жеткiзу мен қызмет
    көрсету мақсатында семинарлар
    ұйымдастыру
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады