996 жылғы 14 желтоқсандағы N 1538 қаулысын iске асыру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 20 мамырдағы N 149
"Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi қор биржасында сатылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1716 P961716_ қаулысы бойынша кәсiпорындар тiзбесiне енген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiрiншi басшылары:
1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн бухгалтерлiк есептiң ұлттық стандарттарына шоттар жоспарын конверциялауды бухгалтерлiк есеп саласындағы мамандарды тарту мүмкiндiгiмен жүргiзсiн;
1997 жылдың 25 мамырына дейiн халықаралық аудиторлық компаниялармен (ұйымдармен) 1996 жылғы қаржылық аудиттi аудиттiң халықаралық стандарттарының талабына сәйкес жүргiзу жөнiнде келiсiм-шарттар жасассын;
қаржылық есептiң аудитiн жүргiзу жөнiнде келiсiм-шарт жасасу үшiн жария ақпарат беретiн болсын және аудит жүргiзу барысында оған қажеттi барлық құжатты, оның iшiнде мынадай ақпаратты:
1996 жылға арналған қаржылық есептi (баланс, қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп);
шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқару құрылымын, оның лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң аты мен қызметтiк координаттарын;
активтерi мен резервтерiнiң мөлшерiн көрсете отырып, филиалдары мен басқа да құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзiмiн;
акциялардың 5 процентiнен көбiн иеленетiн акционерлер туралы мәлiметтi;
бухгалтерлiк есептiң жаңа қазақстандық стандарттары мен жаңа шоттар жоспарына арналған конверсия бойынша оқудан өткен бухгалтерлердi көрсете отырып, кәсiпорын бухгалтерлерiнiң тiзiмiн;
шоттардың жаңа жоспарына арналған конверсия мен бухгалтерлiк есептiң жаңа қазақстандық стандарттары бойынша есеп жүргiзу жөнiндегi ағымдағы ереженi;
жарғылық қорында шаруашылық жүргiзушi субъект акцияларының үлесiн немесе пакетiн (проценттiк қатынаста) иеленетiн заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi;
санаттарға жiктей отырып, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiмен айналысатын адамдардың санын ұсынатын болсын;
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына тоқсан сайын жоғарыда аталған ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат берiп отырсын.
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы халықаралық аудиторлық компанияларға шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тексеру жөнiндегi аудиторлық қорытындыларында мынадай айқындамаларды:
шарттық мiндеттемелердi (белгiлi бiр жағдай туғанда пайда болуы мүмкiн ақша түрiндегi мiндеттемелердi);
тапсырыстардың құрылымы көрсетiлген, жасалған келiсiм-шарттарды (заңдық және қаржылық аспектiлерi);
берешектiң заемдар бойынша және оның қалыптасу мерзiмдерi бойынша таратып көрсетiлген дебиторлық және несие берешектерiн;
сатудан түскен табысты (негiзгi тауар топтары бойынша таратып көрсету, экспорттан түскен табыс) көрсетудi ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына шаруашылық жүргiзушi субъектiлер туралы тоқсан сайынғы ақпаратты алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне жүргiзiлiп жатқан жұмыстың барысы жөнiнде ай сайын ақпарат берiп тұру ұсынылсын.
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары А.В.Павловқа және Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз