Қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 19 маусымдағы N 186

      1. Алматы облысының әкiмiне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан Бартоғай су қоймасындағы және Үлкен Алматы каналындағы авариялық жағдайға байланысты жұмыстарды жүргiзуге 16,8 (он алты миллион сегiз жүз мың теңге) млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Алматы облысының әкiмi 1997 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы баяндасын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады