Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысын орындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 1 шiлдедегi N 204 өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      "Жылуды, ыстық суды және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысын  орындау үшiн:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң аталған қаулысын жүзеге асыру үшiн облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне дербес жауапкершiлiк жүктелсiн.
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне 1997 жылдың 27 маусымынан бастап апта сайын оның орындалуы жөнiнде мониторинг ұйымдастырсын және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмiне тұрғын үй қорларына орнатылған коммуналдық қызмет көрсету құралдарының есептеу саны туралы ақпарат ұсынсын (нысаны қоса берiлiп отыр).
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi ұсынылған ақпарат мазмұнына сүйене отырып, жүргiзiлген жұмыстардың дұрыстығына тексеру жүргiзсiн.
      4. Коммуналдық қызметтерге құралдық есептеудi енгiзудiң мониторингiн жүзеге асырушы орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жедел есеп берудiң бұрын белгiленген нысанын қоса берiлiп отырған нысанға сәйкес келтiрсiн.
      5. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының энергетика және табиғи ресурстар министрi Д.Т.Дүйсеновке, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрiнiң     
1997 жылғы 1 шiлдедегi   
N 204 өкiмiне       
қосымша       

Тұрғын үй қорының 1997 жылдың "__"  ____________ коммуналдық қызметтердi есептеу құралдарымен жабдықталуы

____________________________________________________________________
                 |Қажет.| Орнатылғаны        |_____айының кестесi
                 |тiлiк |                    |     бойынша
                 |(бiр. |____________________|______________________
                 |лiк)  |Бар. |қажет.|оның   |жос. |iс  |Ауытқушылық
                 |      |лығы |тiлiк.|iшiнде |пар  |жүз.|___________
                 |      |(бiр.|тiң % |(бiр.  |(бiр.|iнде|саны|  %
                 |      |лiк) |      |лiк)   |лiк) |(бiр|    |
                 |      |     |      |       |     |лiк)|    |
____________________________________________________________________
         1       |   2  |  3  |  4   |   5   |  6  |  7 |  8 |  9
____________________________________________________________________
1. Газ есептегiш.
   терi -
   барлығы,
   оның iшiнде
   жалпыүйлiк
   жеке (пәтер
   және жеке
   меншiк
   секторы)
2. Жылу есептегiш.
   терi
   барлығы
   оның iшiнде
   жалпыүйлiк
   жеке
3. Ыстық су есеп.
   тегiштерi
   барлығы
   оның iшiнде
   жалпыүйлiк
   жеке
4. Суық су есеп.
   тегiштерi
   барлығы
   оның iшiнде
   жалпыүйлiк
   жеке
___________________________________________________________________
     Ескерту. 5-баған жыл iшiндегi өсу нәтижесiмен, 7-баған есептi айдағы өсу нәтижесiмен толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады