Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен сертификаттау жүйесiн халықаралық талаптарға үйлестiру және инвестициялық ахуалды одан әрi жақсарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 216

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен сертификаттау жүйесiн халықаралық талаптарға үйлестiру және инвестициялық ахуалды одан әрi жақсарту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де атқарушы органдары:
      1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының өнiмге, процестерге, қызмет көрсетулерге қолданылатын мемлекеттiк стандарттарына талдау жүргiзсiн және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгiне оларды халықаралық талаптармен үйлестiру және жұмыстың орындалу мерзiмi мен қаржыландыру көздерiн айқындай отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн өнiмдi, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi сертификаттау ресiмдерiн оңайлату жөнiнде ұсыныс табыс етсiн;
      өнiм өндiру, жұмыстарды жүргiзу және қызметтер көрсету кезiнде стандарттаудың мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң талаптары мен ережелерiне сәйкес халықаралық (аумақтық) және шет елдiң ұлттық стандарттарын тiкелей қолдануды жүзеге асырсын;
      1997 жылдың 15 тамызына дейiн "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген бекiту мен тiркеуден өтпеген мемлекеттiк стандарттарды Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгiне табыс етсiн;
      "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнiмге, жұмыстар мен қызмет түрлерiне қатысты әзiрленген заңдардың, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгiне белгiленген тәртiппен келiсуге жолдасын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi:
      1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн мемлекеттiк стандарттар мен сертификаттау жүйесiн халықаралық талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарды әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
      қолданылып жүрген мемлекеттiк стандарттау мен ережелерге 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн өнiмдi жұмыстар мен қызмет көрсетулердi сертификаттаудың тәртiбiн оңайлатуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңына қайшы келетiн заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына табыс етсiн.
     Премьер-Министрдiң
     бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады