Шығындарды өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 228

      Атырау облысында 1997 жылдың қысқы және көктемгi кезеңiндегi байқалған табиғи зiлзалалардың алдын алу және оның зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстардың орындалуына кеткен шығындарды өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      Атырау облысының республикалық мәнi бар қираған автомобиль жолдарын қалпына келтiруге пайдалануы үшiн 1997 жылы және 1998 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Атырау облысының төлеушiлерiнен түсетiн барлық төлем сомасын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Жол қорының шотынан белгiленген тәртiппен аударуды қамтамасыз етсiн; <*>

     су басу аймағына душар болған Құлсары-Мақат темiр жол
учаскелерiне тексеру жүргiзсiн және темiр жолдың бүкiл өне бойында
қозғалыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, өз қаражаты есебiнен
оларды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдансын.
     ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.19. N 120 қаулысымен.
               

R980120_

 

     Премьер-Министрдiң
     бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады