Дефолт фактiлерiне жол бермеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1997 жылғы 28 шiлдегi N 244

      Қазақстан Республикасының шетелдiк несиешiлер алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактiлерiне жол бермеу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 29 маусымдағы N Ф 22-3/42, 1994 жылғы 24 наурыздағы N Ф 22-3/22, 1994 жылғы 13 мамырдағы N Ф 22-3/31, 1994 жылғы 10 маусымдағы N Ф-22-3/40, 1995 жылғы 8 маусымдағы N Ф 22-3/8 және 1994 жылғы 21 қазандағы N Ф 22-3/46 берiлген мемлекеттiк кепiлдiктерiне сәйкес шетел банктерiнiң ұсынған шоттары негiзiнде дәрменсiз зайымшылар үшiн қосымшаға орай мерзiмi өткен төлемдердi, 1997 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендiру минус өтеу" бөлiмiндегi көзделген қаражат шегiнде төлемнiң датасындағы бағамдық айырма өзгерiсiн ескере отырып, сондай-ақ есептелген айыппұлдар сомасын төлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi

алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету
жөнiнде барлық қажеттi шараларды қолдансын.
     3. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

     Премьер-Министр
                                     Қазақстан Республикасы
                                       Премьер-Министрiнiң
                                     1997 жылғы 28 шiлдедегi
                                         N 244 өкiмiне
                                             қосымша

       Шетел несиелерiн өтеу жөнiндегi мерзiмi өткен төлемдер
                                СОМАСЫ

___________________________________________________________________
     Заемшы-ұйым            |  Валюта  төлемi   |   Төлем сомасы
___________________________________________________________________
   Француз несие желiсi     |                   |
"Тағам" АҚ                  | француз франкi    | 5 869 127, 25
     АҚШ несие желiсi       |                   |
"Тағам" АҚ                  | АҚШ доллары       | 2 156 114, 46
     Герман несие желiсi    |                   |
"Азат" концернi             | немiс маркасы     |   524 622, 79
     Канада несие желiсi    |                   |
"Ақтөбемұнай" АҚ            | АҚШ доллары       |   265 935, 71
___________________________________________________________________
     Барлығы                | француз франкi    | 5 869 127, 25
                            | АҚШ доллары       | 2 422 050, 17
                            | немiс маркасы     |   524 622, 79
___________________________________________________________________
________________________________________________________________
               Оның iшiнде
_________________________________________________________________
       негiзгi борыш        |    проценттер      | басқасы
_________________________________________________________________
      5 210 488, 89         |  658 638, 36       |       -
                            |                    |
      1 651 268, 82         |  504 422, 74       |  422, 90
             -              |  524 622, 79       |       -
        239 285, 71         |   26 650, 00       |       -
__________________________________________________________________
      5 210 488, 89         |      658 638, 36   |       -
      1 890 554, 53         |      531 072, 74   |  422, 90
             -              |      524 622, 79   |       -
__________________________________________________________________


      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады