Қазақстандық қазiргi заман әндерiнiң II конкурсын өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 1 тамыздағы N 254

      Қазақстан эстрада әндерiнiң жанрын дамыту, сондай-ақ шығармашылық қайраткерлерiн жаңа қазiргi заман репертуарын жасауға ынталандыру мақсатында:
      1. "Азия дауысы" халықаралық конкурсының аясында қазақстандық қазiргi заман әндерiнiң II конкурсы өткiзiлсiн.
      2. Қазақстандық қазiргi заман әндерiнiң II конкурсына қатысушылар үшiн 7 (жетi) мың АҚШ долларына баламды мөлшерде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1 (бiр) арнайы сыйлығы және әрқайсысы 1200 (бiр мың екi жүз) АҚШ долларына баламды мөлшерде Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң 6 (алты) сыйлығы белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi көрсетiлген сыйлықтарды 1997 жылға арналған республикалық бюджетте 08 "Мәдениет саласында демалыс пен қызметтi ұйымдастыру" функционалдық тобы бойынша мәдениетке арналып көзделген қаражаттың есебiнен төлесiн.
      4. Көрсетiлген сыйлықтарды алған адамдарға салық салу "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының 34-бабының 5-тармағының 6-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      5. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады