Iзгiлiк көмек көрсету туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 1 тамыздағы N 256
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне - ұн сатып алумен және тиеумен байланысты шығыстарды өтеуге 3,0 (үш) миллион теңге;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне - iзгiлiк жүктi тасымалдаумен байланысты шығыстарды өтеуге 620 (алты жүз жиырма) мың теңге бөлiнсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi iзгiлiк көмек бар вагондарды уақтылы берудi, жөнелтудi және Алматыдан Украинаның Чоп темiр жол станциясына дейiн жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi аталған iзгiлiк көмек жүгiн Словакия аумағында күтiп алуды және оны тағайындалуы бойынша берудi ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған мақсаттарға бөлiнген қаражаттың үстiнен қосымша шығыстар пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныс енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнетiн қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз