Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Placer" тобы компаниясының өкiлдерiне дауды соттан тыс тәртiппен реттеу жөнiнде келiссөздер жүргiзуге өкiлеттiк беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 15 тамыздағы N 278

      "МоGuirе, Wооds, Battle & Boothe L.L.Р" халықаралық заң фирмасының Васильков алтын кенiшi жобасы жөнiндегi төрелiк iс қарауда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүддесiн бiлдiретiн ұсынысына байланысты және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң пiкiрiн ескере отырып:
      1. "МоGuirе, Wооds, Battle & Boothe L.L.Р" халықаралық заң фирмасына Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Placer" тобы компаниясының өкiлдерiмен (адвокаттарымен) Васильков алтын кенiшi кен орны жөнiндегi дауды соттан тыс тәртiппен реттеу жөнiнде келiссөздер (дауды реттеу жөнiнде түпкiлiктi шешiм қабылдау құқығынсыз) жүргiзуге өкiлеттiк берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiн келiссөздердiң жүргiзiлуi бойынша олардың нәтижелерi туралы кешiктiрмей хабардар етсiн және дауды түпкiлiктi реттеу жөнiндегi шаралар туралы өз ұсыныстарын тапсырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады