Тәжiрибелiк-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 19 тамыздағы N 282

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Озон" ғылыми-өндiрiстiк фирмасы әзiрлеген "Медициналық озонатор шкафы" құрылғысының тәжiрибелiк үлгiлерiн жасау жөнiндегi бағдарламаны жүргiзу, республиканың емдеу мекемелерiнiң базасында тәжiрибелiк-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi:
      бағдарламаны орындау үшiн жұмыс тобын құрсын;
      тәжiрибелiк-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн емдеу мекемелерiн айқындасын;
      аталған бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi 3 200 мың (үш миллион екi жүз мың) теңге шығысты 1997 жылға арналған республикалық бюджетте денсаулық сақтауға арнап көзделген жалпы қаражат есебiнен жүзеге асырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады