Қазақстан еңбек армияшыларының II съезiн өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 19 тамыздағы N 284

      1. "Қазақстан Республикасында тұратын немiстердi этникалық қайта өрлету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 639 P970639_ қаулысына сәйкес Қазақстан немiстерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi қауымдастығының 1997 жылдың 28-29 тамызында Алматы қаласына Қазақстан еңбек армияшыларының II съезiн өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан немiстерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi қауымдастығының аймақтық бiрлестiктерiне съездiң делегаттарын сайлауда, оларды Алматы қаласына жiберуде практикалық көмек көрсетсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi, Ғылымминi - Ғылым академиясы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан еңбек армияшыларының II съезiне дайындалуда және оны өткiзуде жәрдем көрсетсiн.
      4. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан немiстерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң қауымдастығы аймақтық ұйымдарының өтiнiмдерi бойынша съезд делегаттарының Алматы қаласына жол жүруi және одан қайтуы үшiн поездардан орындар бөлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi - шетелдiк съезге қатысушылардың келу құжаттарын уақытында ресiмдеу жөнiнде шаралар қабылдасын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады