Егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн мемлекеттiк резервтен мөлдiр мұнай өнiмдерiн бөлу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 27 тамыздағы N 291
Ақмола облысына - 15 мың тонна дизель отынын;
Қостанай облысына - 15 мың тонна дизель отынын және 3 мың тонна бензин;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 15 мың тонна дизель отынын және 3 мың тонна бензин бөлу туралы ұсыныстары қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi жоғарыда аталған мақсаттарға мемлекеттiк резервтен жаңалау тәртiбiмен 45 мың тонна дизель отынын және 6 мың тонна бензиндi оны 1997 жылдың 1 желтоқсанына дейiн қайтару шартымен және республикалық бюджеттiң кiрiсiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша тауар несиесiн пайдаланған кезең үшiн бiр тонна дизель отынының 11375 теңге және бензин - 16500 теңге нарықтық бағасына сүйене отырып, Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң кепiлдiк мiндеттемелерiне босатсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Павлов А.С.) жанар-жағар материалдарды қайтару кiдiртiлген жағдайда оны облыстардың бюджетiнен қайтарып алсын.
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының орынбасары Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз