Қазақстан-қытай және қазақстан-иран мұнай құбырын салу жөнiндегi Бас келiсiм қағидаларының тиiмдi және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 28 қарашадағы N 362

      1997 жылғы 24 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi мен Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасындағы қазақстан-қытай мұнай құбырын салу, Өзен кен орнын оңалту және қазақстан-иран мұнай құбырын салу жөнiндегi Бас келiсiм қағидаларының тиiмдi және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖҰАҚ мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып заңдарда белгiленген тәртiппен:
      Қытай Ұлттық мұнай корпорациясымен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құру жөнiнде тиiстi құжаттарды әзiрлеу және қабылдау туралы Қазақстан жағынан "Өзенмұнайгаз" АҚ Қытай жағынан Мұнай барлау және өндiру жөнiндегi Қытай Ұлттық корпорациясы қатысатын келiссөздер жүргiзсiн;
      Құзыреттi орган бекiткен жұмыс тобымен бiрлесе отырып:
      құрылып отырған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк пен Үкiметтiң Құзыреттi органының арасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi келiсiм-шарттың жобасын әзiрлесiн, қажеттi сараптамалар (қажет болған жағдайда тәуелсiз сарапшылар мен консультанттардың) және мемлекеттiк басқару органдарының қорытындыларын алып, келiсiм-шартты Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ұсынсын;
      "Қазтрансойл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниямен және Қытайдың уәкiлеттiк берiлген тарабымен қазақстан-қытай мұнай құбырын салу туралы келiсiмнiң жобасын пысықтасын.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Экология және табиғи ресурстар министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар келiссөздердегi өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн белгiлесiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады