Астықты сақтау жөнiндегi жағдайды тұрақтандыру шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 17 желтоқсандағы N 368

      Астықты сақтау жөнiндегi жағдайды тұрақтандыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi он күндiк мерзiм iшiнде астықты сақтау, тазалау және кептiру қызметтерiне арналған шығындардың құрамы туралы салалық жай-күйлердi ескере отырып, аталған жағдайды асыра пайдаланудың жолын кесу мақсатында, жергiлiктi рыноктарда үстем жағдайға ие элеваторлардың қызметi үшiн ақы төлеудi тексерсiн.
      2. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң шаруашылық қызметiне араласпасын. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер жергiлiктi атқарушы органдардың сатылатын астыққа баға белгiлеуi, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне оның сақталуы тиiс элеваторларды көрсетуi, ауданның немесе облыстың аумағынан астықты әкетуге тыйым салуы фактiлерi анықталған жағдайларда монополияға қарсы жауап шараларын қабылдасын.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады