Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 366 өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Табиғи апаттардың зардаптарын жою жөніндегі шығындарды қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыру үшін 65 (алпыс бес) млн. теңге, оның ішінде:
Алматы облысының әкіміне 32 (отыз екі) млн. теңге, олардан:
Талғар өзеніндегі сел тасқынының зардаптарын жою және Бесағаш өзеніндегі
су жайылуының зардаптарын жою жөнінде 21,9 млн. (жиырма бір миллион тоғыз
жүз мың) теңге және өрт сөндіру жөнінде 10,1 млн.(он миллион жүз мың)
теңге бөлінсін";
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Күзгі-қысқы кезеңге дайындықты және жөндеу жұмыстарын аяқтау
жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін Алматы облысының әкіміне Қазақстан
Республикасы Үкіметінің резерв қорынан Талдықорған қаласы үшін төтенше
жағдайларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыруға арнап 60 (алпыс) млн.
теңге бөлінсін";
2-тармақ 3-тармақ болып есептелсін.
Премьер-Министр
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.