Жекешелендiруге жататын мемлекеттiк меншiк объектiлерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1998 жылғы 22 қаңтардағы N 19

      1. Жеке жобалар бойынша жекешелендiруге жататын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк меншiктiң ерекше халық шаруашылық маңызы бар басқа да iрi объектiлерiн сатып алу-сату және концессияға, шетелдiк және отандық инвесторлардың басқаруына беру жөнiндегi барлық шарттарға (келiсiмдерге, келiсiм-шарттарға) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және тиiстi салалық министрлiктермен немесе уәкiлеттi органмен келiсiлгеннен кейiн ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне алдын ала хабарлағаннан кейiн ғана Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi қол қояды деп белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.07. N 43
               өкiмiмен. R990043_
      2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады