Электр желiлерi кәсiпорындарын жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1998 жылғы 16 ақпандағы N 41

      Алматы облысының және Алматы қаласының энергия көздерi мен электр желiлерi кәсiпорындарын жекешелендiруге байланысты:
      1. "Алматыэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге уәкiлеттiк берген орган ретiнде "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамына белгiленген тәртiппен Кәсiпорында тарату жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн барлық қажеттi материалдарды берсiн;
      тарату процестерiнiң барысына бақылау жасауды жүзеге асырсын;
      бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның энергияның дәстүрлi емес көздерiнiң құрылысын салудың инвестициялық жобаларын одан әрi iске асыру жөнiндегi құқықтық мұрагерiн айқындасын.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады