Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 609 тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ Жезқазған жылу электр орталығымен шарттық қатынастармен байланысты шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қаржы-экономикалық қолдауды қамтамасыз ету үшiн:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесе отырып, 1998 жылдың 31 наурызына дейiн мерзiмде жезқазған ЖЭО ("Самсунг" корпорациясы) мен "Қарағандыэнерго" РМК арасында 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 04/002987 сатып алу-сату шартына сәйкес бөлу балансын жүргiзу мен бекiтудi қамтамасыз етсiн.
2. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Жезқазған жылу электр орталығы туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1998 жылғы 20 ақпандағы N 43
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз