Отандық машина жасауды дамыту және өнiм шығаруды игеру бойынша Қазақстан Республикасы машина жасау кешенiнiң басы бос қуаттарын пайдалану және мұнай-газ саласына қызмет көрсету шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1998 жылғы 17 сәуiрдегi N 70

      Отандық машина жасауды дамыту және өнiм шығаруды игеру бойынша Қазақстан Республикасы машина жасау кешенiнiң басы бос қуаттарын пайдалану және мұнай-газ саласына қызмет көрсету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен, Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп Қазақстанның мұнай-газ кәсiпшiлiгi өнiмiн игеруге бағдарланған машина жасау зауыттары мен мұнай-газ саласының кәсiпорындарын тарта отырып:
      Атырау қаласында 1998 жылдың 28-30 мамыр аралығында "Қазақстанның мұнай-газ машина жасауы" көрмесiн ұйымдастырсын және өткiзсiн;
      1998 жылдың 22 сәуiрiне дейiн ұйымдастыру комитетiн құрсын, көрменiң бағдарламасын және оны дайындау және өткiзу жөнiндегi шаралардың жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының машина жасау зауыттарының мұнай-газ саласы өнiмiн шығаруға арналған экспозициялармен көрмеге әзiрлiгiн және қатысуын қамтамасыз етсiн.
      2. Облыстардың және Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерi мұнай-газ машина жасау өнiмiн шығарушы және игерушi кәсiпорындардың көрмеге қатысуын ұйымдастырсын.
      3. Атырау облысының әкiмi:
      Атырау қаласында көрменi өткiзу орнын әзiрлеудi ұйымдастырсын;
      министрлiктердiң, ведомстволардың, әкiмдер аппаратының және көрмеге қатысушылардың өкiлдерiне көлiк құралдарын бөлудi және олардың тұруын қамтамасыз етсiн.
      4. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы мен "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы аффилиирленген кәсiпорындардың Қазақстаннан тысқары жерлерден сатып алатын жабдықтар мен материалдардың экспозициясымен көрмеге әзiрлiгi мен қатысуын, сондай-ақ көрмеге қатысушылардың мұнайды өндiру, дайындау, тасымалдау және өңдеу объектiлерiнде болуын ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi көрменi өткiзуге және қаржыландыруға тартылған ұйымдардың шығыстарының өндiрiстiң шығындарына жатқызылуы тиiс екендiгiн ескерсiн.
      6. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Павловқа жүктелсiн.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады