1. 1999 жылға арналған республикалық бюджеттiң параметрлерiн әзiрлеу мақсатында мына құрамда Бюджеттiк комиссия құрылсын:
Д.Р.Әбiлғазин - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Департаментiнiң
директоры, төраға
И.В.Титова - Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi Департаментiнiң
директоры
Қ.Т.Оспанов - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң
Департаментi директорының орынбасары
Ғ.З.Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң Департаментi директорының
орынбасары (келiсiм бойынша)
2. "1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 наурыздағы N 219 қаулысының 3-тармағына сәйкес Бюджеттiк комиссия 1998 жылдың 1 мамырына дейiн 1999 жылға арналған мемлекеттiк және республикалық бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
Премьер-Министр