"Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығы мерейтойын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 желтоқсандағы N 1749 қаулысын P971749_ дамыту үшiн және осы мерейтойды өткiзу жөнiндегi негiзгi шараларды орындау мақсатында "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясына компанияның арнайы шотында мұнай-газ секторы кәсiпорындарының Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығы мерейтойын өткiзуге арналған ерiктi жарналарын жинақтауға және Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдығы мерейтойын өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комиссиясының келiсiмiмен оны жұмсауға рұқсат етiлсiн.
Премьер-Министрдiң
бiрiншi орынбасары