Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958 Жарлығын iске асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмi 1998 жылғы 3 маусымдағы N 100. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958  U983958_ Жарлығын iске асыру мақсатында: 
      1. Қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн қамтамасыз етсiн. 
      2. Қайта ұйымдастырылған және жаңадан құрылған мемлекеттiк органдар екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен құрылымы, штат саны мен мемлекеттiк органдар туралы ережелер жөнiндегi ұсыныстарын енгiзсiн. 
      3. Қаржы министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiк Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып, үш ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiне қолданылып жүрген нормативтiк актiлердi "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958 Жарлығына сәйкес келтiру жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзсiн. 

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады