Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмi 1998 жылғы 24 маусымдағы N 123

      Ғылыми қамтымды технологиялардың негiзiнде минералдық шикiзатты өндiру және кешендi қайта өңдеу жөнiндегi қосымша шараларды iске асыру және отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында:
      1. "ҚазақОйл" ұлттық мұнай-газ компаниясының "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы" ЖАҚ, "KEGOC" Қазақстан электр желiлерiн басқару жөнiндегi компаниясы", "Қазкелiсiм-шарт" АҚ, "Медеу" бiрлескен өндiрiстiк кәсiпорны" ЖШС, "Алматықұрылыс" холдинг компаниясының және басқа да бiрқатар ұйымдардың "Комакинвест" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы бастамашылығы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңда белгiленген тәртiппен, белгiлi бiр бағдарламаларды орындау мақсатында, "Комакинвест" ЖАҚ-ға (ол мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн) инвестицияларды тарту және жер қойнауын пайдалануға қажеттi лицензияларды ресiмдеу жөнiнде жәрдем көрсетсiн.
      3. Алматы қаласының әкiмi заңда белгiленген тәртiппен:
      1998 жылы "Комакинвест" ЖАҚ қоңыр көмiрдiң базасында сулы көмiр отынын тәжiрибелiк жағуды жүргiзу үшiн қазандық бөлудi;
      "Комакинвест" ЖАҚ-ға кеңсесi мен зертханаларын орналастыру үшiн қажеттi үйлердi мүлiктiк жалға берудi көздесiн.
      4. Құрылтайшылардың "Комакинвест" жабық акционерлiк қоғамын кейiн Қазақстан Республикасының шет елдермен жекелеген үкiметаралық келiсiмдерiн iске асыруға тарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады