Ведомствоаралық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1998 жылғы 15 қаңтардағы N 12-А

      1. 1997 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасының газ-көлiгi

жүйесi концессиясы шартында мемлекеттiң мүдделерiн қорғау,
республиканың жекелеген аймақтарын газбен жабдықтауды жақсарту
мақсатында мына құрамда ведомствоаралық комиссия құрылсын:

     Б.Ә.Мұхамеджанов           - Қазақстан Республикасының Әдiлет
                                  министрi, комиссияның төрағасы

     Е.Ә.Өтембаев               - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
                                  жоспарлау және реформалар жөнiндегi
                                  агенттiгiнiң төрағасы - Қазақстан
                                  Республикасының министрi, комиссия
                                  төрағасының орынбасары

     А.Ә.Жабағин                - Қазақстан Республикасының
                                  Энергетика, индустрия және сауда
                                  министрi, комиссия төрағасының
                                  орынбасары

     Н.В.Радостовец             - Қазақстан Республикасының
                                  Стратегиялық жоспарлау және
                                  реформалар жөнiндегi агенттiнiң
                                  Баға және монополияға қарсы
                                  саясат жөнiндегi комитетiнiң
                                  төрағасы

     Б.М.Мәдиев                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                  министрлiгiнiң Мемлекеттiк
                                  мүлiк және жекешелендiру
                                  департаментi директорының
                                  орынбасары



      2. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы мен төрағаның орынбасарлары мына шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының мамандарын тарту арқылы жеке жұмыс тобын құрсын.
      Б.Ә.Мұхамеджановтың жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы мен Жоғарғы Сотының келiсiмi бойынша 1997 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасы газ-көлiгi жүйесiнiң концессиясы шартының Қазақстан Республикасының заңдары мен Шарттағы мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға сәйкестiгi туралы егжей-тегжейлi қорытынды дайындасын.
      Е.Ә.Өтембаевтың жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетiнiң қатысуымен:
      табиғи газды әкелу және тасымалдау кезiнде монополиялық қызметтi шектеу мәселесiн қарасын;
      "Трактебель С.А." компаниясының газды тасымалдауға арналған тарифтi қайта қарау жөнiндегi ұсынысын қарасын;
      компанияның басқаруына берiлген активтердi пайдалау мәселелерi мен оларды басқарудың әдiстерiн қарасын;
      "Трактебель С.А." компаниясының аммортизациялық қаражатты мақсатты пайдалануына бақылау орнату жөнiндегi мәселелердi қарасын.
      А.Ә.Жабағиннiң жұмыс тобы:
      мемлекеттiң тарапынан концессионерлердi бақылау-реттеу функцияларын қалпына келтiрудiң тәртiбiн белгiлесiн;
      1998 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнде өткен мәжiлiстiң хаттамасына сәйкес "Трактебель" компаниясынан сұратылған материалдарды:
      концессия шарты жөнiндегi инвестициялық бағдарламаны;
      айналма газ құбырының құрылысы жөнiндегi техникалық-экономикалық негiздеменi;
      бонустың жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына роялти мен мiндеттi төлемдердiң басқа да түрлерi тиесiлi 10 000 000 (он миллион) АҚШ доллары сомасындағы қалған бөлiктерiн төлеудiң кестелерiн;
      Алматы қаласына, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарына газ берудiң компания кепiлдiк берген көлемдерiн қарасын.
      3. Ведомствоаралық комиссиялар 1998 жылдың 1 наурызына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне концессионерлердiң қызметтерiнiң нәтижелерiне баға берудi қамтитын, iстелген жұмыстар туралы есеп ұсынсын.
      4. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады