Тұрғын үй-коммуналдық реформасын одан әрi дамыту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 P970889_ , 1997 жылғы 13 тамыздағы N 1256 P981256_ және 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1813 P971813_ қаулыларының атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) 1998 жылдың 1 қазанына дейiн бақылау-өлшеу құралдарын орнату бөлiктерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтіру туралы" 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889, "Судың, газдың және жылудың жұмсалуын есептейтiн отандық құралдар өндiрiсi мен оларды орнатудың пилоттық жобасы туралы" 1997 жылғы 13 тамыздағы N 1256 қаулыларының орындалуын қамтамасыз етсiн. Жұмыстардың барысы туралы ай сайын ағымдағы айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi комитетiне баяндасын;
2) кондоминиумның қазіргі бар объектілеріне қатысушылар жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді қамтамасыз ету үшін екі айлық мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кондоминиум үй-жайларының меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскелерін берудің тәртібін бекіту туралы" 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1813 қаулысымен бекітілген Кондоминиум үй-жайларының меншік иелеріне (қатысушыларына) жер учаскелерін берудің тәртібінде көзделген дайындық іс-шараларының кешенін аяқтасын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.01.07. N 2 өкімімен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі жәрдемақыларды
төлеудiң уақыттылығы бойынша тұрғын үй жәрдемақылары орталықтарының
қызметіне тексеру жүргізсiн. Жолсыздықтар анықталған жағдайда тиiстi
шаралар қабылдасын.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева Ә.Ж.