Қазіргі бессайыстан Азия чемпионаты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1998 жылғы 16 қыркүйек N 176-ө

      1. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі мен Халықаралық қазіргі бессайыс және биатлон одағының 1998 жылы 14-17 қазан аралығында Алматы қаласында қазіргі бессайыстан Азия чемпионатын өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазіргі бессайыстан Азия чемпионатын Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт комитетіне, Алматы қаласының әкіміне Қазақстан Республикасының Қазіргі бессайыс федерациясымен (келісім бойынша) бірлесіп өткізу тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі чемпионатқа

 

қатысушылардың келу-қайту рұқсат құжаттарын жасауға жәрдем көрсетсін.

     4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі чемпионат өтетін

және қатысушылар тұратын жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз

етсін.

     5. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

қазіргі бессайыстан Азия чемпионатының өту барысын бұқаралық ақпарат

құралдары арқылы кеңінен насихаттауды қамтамасыз етсін.


     Премьер-Министр



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады