Акцизделетін өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 18 қыркүйек N 178

      Қазақстан Республикасының аумағындағы акциздеуге жататын тауарлардың барлық түрінің заңсыз айналымының жолын кесу және оның әкелінуі әкетілінуіне неғұрлым пәрменді бақылауды жүзеге асыру, акциздеуге жататын тауарларды сату кезінде салық төлеуден жалтаруды болдырмау мақсатында:
      1. Осы тармақта аталған мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық полициясы комитетіне және оның аумақтық органдарына мынадай ақпараттың берілуін қамтамасыз етсін:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті - акциздеуге жататын тауарлардың барлық түрінің Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өтуі туралы - онкүндік сайын;
      2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны темір жол басқармалары арқылы - акциздеуге жататын тауарлардың барлық орын ауыстырылулары мен тасымалданулары туралы - онкүндік сайын;
      3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі жөніндегі комитеті - акциздеуге жататын тауарлардың әуе жолымен тасымалдануы туралы - аталған тасымалдаулардың жүзеге асырылуына қарай;
      4) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті - акциздеуге жататын тауарлардың өндірілуі мен айналымы туралы - онкүндік сайын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол және көлік полициясы бөлімшелерінің күшімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті полициясының аумақтық органдарына ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарымен тасымалданатын акциздеуге жататын тауарлардың орын ауыстыруы мен тасымалдануын тексеру кезінде жәрдемдесетін болсын.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады