Каспий теңізінің Қазақстан секторының лицензиялық блоктарының өнімін бөлу бойынша келісім-шарттарды әзірлеу жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 9 қазан N 194

      Каспий теңізінің Қазақстан секторының лицензиялық блоктарының өнімін бөлу бойынша келісім-шарттар жасасу мақсатында:
      1. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс консультанты болып табылатын "Меркейтор Корпорейшн" компаниясының президенті Дж.Г.Гиффенмен бірлесіп, әлеуетті инвестор компаниялармен мына блоктар бойынша өнім бөлу жөніндегі келіссөздерді жалғастырсын және келісім-шарттарды қол қоюға әзірлесін:
      1) XI блоктар - 1,2 ("Қаламқас Б");
      2) IX блоктар - 11,12 және X блоктар - 9, 10 ("Құрманғазы");
      3) X блоктар - 7 және XI блоктар - 4 ("Оман Ойл Компани" компаниясы таңдап алған блоктар);
      4)XII блоктар - 2,3 ("Амоко" компаниясы таңдап алған блоктар).
      2. Өнім бөлу жөніндегі келісім-шарттардың жобалары 1998 жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылсын.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады