Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 12 қазандағы N 4114 Жарлығын iске асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1998 жылғы 16 қазандағы N 197. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 12 қазандағы N 4114  Жарлығын iске асыру мақсатында: 
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi: 
      қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзудi қамтамасыз етсiн; 
      тиiстi ведомстволар мен өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң штат санын қысқартудың есебiнен өзiнiң штат санын қысқарту, осы штат санын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне беру жөнiнде екi апта мерзiм iшiнде ұсыныстар енгiзсiн; 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне оған жүктелген мiндеттердiң және берiлетiн штат санының көлемiнде қажеттi материалдық-техникалық құралдар мен өзге де мүлiктi берсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi екi апта мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне мынадай ұсыныстарды енгiзсiн: 
      өз құрылымдары мен ережелерiн, сондай-ақ тиiстi ведомстволардың құрылымдары мен ережелерiн бекiту туралы; 
      қолданылып жүрген заңдарды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған актiлерiн "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 12 қазандағы N 4114 Жарлығына сәйкес келтiру туралы. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң қызметiн қаржыландыруды 1998 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қайта ұйымдастырылатын ведомстволары мен құрылымдық бөлiмшелерiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен қамтамасыз етсiн. 
      4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.

       Премьер-Министр 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады