"Бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты қатынастарды реттеу
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінің күші
жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі
Заңын іске асыру және Мемлекеттік сынамалы қадағалау инспекциясының
функцияларын, мүлкі мен ісін басқару жөніндегі өкілеттіктерін Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінен алып Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда министрлігіне беру мақсатында:
1. Мына құрамда комиссия құрылсын:
Әбітаев Есберген Әбітайұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика,
индустрия және сауда бірінші
вице-министрі, төраға
Қажиев Манарбек - Мемлекеттік сынамалы қадағалау
Шәйкенұлы инспекциясы бастығының орынбасары,
төрағаның орынбасары
Дәндібаева Айнұр - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Иманғазықызы Банкінің Бухгалтерлік есеп
департаменті филиаларалық
есеп айырысу басқармасы бастығының
орынбасары
Жарқынбаева Мәдина - Қазақстан Республикасы Қаржы
Сапарбекқызы министрлігінің Қазынашылық
департаменті бағалы металдар
мен асыл тастар бөлімінің бастығы
Нұржанов Болат - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Ғазизұлы индустрия және сауда министрлігі
Экономикалық талдау және
ивестициялық қызмет
департаментінің бас маманы
2. Комиссия бір ай мерзім ішінде мүлікті қабылдау мен өткізуді
аяқтасын.
Премьер-Министр