1999 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 4 қараша N 210

      "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңның жобасын (бұдан әрі -Заң) Парламентте тиімді және жедел талқылауды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Заң жобасында көзделген бағдарламаларды қаржыландыру бойынша негіздемелер үшін, қызметі осы бағдарламалардың бюджеттік жіктемесі бойынша қаржыландырылатын, тиісті министрліктер, ведомстволар мен өзге де мемлекеттік органдар жауапты болып табылады деп белгіленсін.
      2. Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының комитеттерінде қарау мен талқылау кезінде, Қаржы министрлігінің тиісті негіздемелермен баяндама жасау кезінде министрлер немесе вице-министрлер, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің өкілдері ретінде болады деп айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А. Тілеубердин министрліктер мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының комитеттеріндегі жұмысына бақылау жасауды қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығын Заң жобасының талқылану барысы мен республикалық мемлекеттік органдар басшыларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарын негіздеу бойынша қабылдайтын шаралары туралы жедел хабардар етіп отырсын.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады