Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын қарау жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 9 қараша N 216

 


     Арнаулы парламенттік комиссия әзірлеген, Қазақстан Республикасының

Парламенті Сенатының 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 643-10 ПС қаулысымен

бекітілген Қазақстан Республикасының Салық кодексі жобасының талқылауға

енгізілуіне байланысты:

     1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын қарау үшін мына

құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Жандосов Ораз       - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Әлиұлы                Министрінің бірінші орынбасары, жетекші


     Әблязов Мұхтар      - Қазақстан Республикасының Энергетика,

     Қабылұлы              индустрия және сауда министрі,

                           жетекшінің орынбасары


     Ертілесова Жанат    - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Жұрғалиқызы           бірінші вице-министрі, жетекшінің

                           орынбасары


     Мұхамеджанов        - Қазақстан Республикасының Әділет

     Бауыржан Әлімұлы      министрі


     Бүркітбаев Серік    - Қазақстан Республикасының Көлік және

     Мінуәрұлы             коммуникациялар министрі


     Нұрқиянов Төлеухан  - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Мұратханұлы           шаруашылығы министрі


     Тәжияқов Бисенғали  - Қазақстан Республикасы Кіріс

     Шамғалиұлы            министрінің міндетін атқарушы


     Имашев Берік        - Қазақстан Республикасының

     Мәжитұлы              Шағын бизнесті қолдау жөніндегі

                           агенттіктің төрағасы


     Сабыров Имин        - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Әбдуәліұлы            Министрінің Кеңсесі Құқықтық сараптама

                           бөлімінің сектор меңгерушісі


     2. Жұмыс тобының белгіленген тәртіппен министрліктер мен

ведомстволардың, Парламенттің, сондай-ақ басқа да ұйымдардың мамандарын

жұмысқа тартуға құқығы бар.

     3. Жұмыс тобы бір ай мерзімде заң жобасын заңда белгіленген тәртіппен

Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.


     Премьер-Министр









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады