1. Астана қаласында 1998 жылғы 10-13 қарашада "Орталық Азия мен
Кавказ елдерінде жаппай қырып-жою қаруын экспорттық бақылау және оны
таратпау проблемалары жөніндегі үшінші аймақтық форум" халықаралық
конференциясы өткізілсін.
2. Халықаралық конференцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті
мына құрамда құрылсын:
Әблязов Мұхтар - Қазақстан Республикасының
Қабылұлы Энергетика, индустрия және сауда
министрі, төраға
Ыдырысов Ерлан - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Әбілфайызұлы істер бірінші вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
Әбітаев Есберген - Қазақстан Республикасының
Әбітайұлы Энергетика, индустрия және сауда
бірінші вице-министрі
Әбілғазин Данияр - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстемұлы вице-министрі
Елубаев Бауыржан - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Ысқақұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Кораблев Валерий - Қазақстан Республикасының Премьер-
Анатольевич Министрі Кеңсесінің Сыртқы
экономикалық байланыстар және
хаттама бөлімі меңгерушісінің
орынбасары - Сыртқы экономикалық
байланыстар секторының меңгерушісі
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жұмыс күндерінде 1998 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаржы есебінен қазақстан тарабының атынан фуршет және кофе-брейк өткізуге 153 (жүз елу үш) мың теңге мөлшерінде қажетті қаржы бөлсін.
Премьер-Министр