1. 1998 жылы 4 желтоқсанда Астана қаласында Орталық Азия экономикалық қоғамдастығына (бұдан әрі - қоғамдастық) қатысушы мемлекеттердің Премьер- министрлері кеңесінің мәжілісі өткізілсін.
Кезекті мәжілістің негізгі іс-шараларының бағдарламасы бекітілсін.
Премьер-министрлер кеңесінің жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасы ресми делегациясының құрамы бекітілсін.
2. Министрліктер, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) мәжілістің шеңберінде іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етсін, ресми делегация мүшелерін, сарапшыларды және ілесіп жүретін адамдарды орналастыру және оларға қызмет көрсету, баспасөз өнімдерін дайындау және кәдесыйларды сатып алу жөнінде қажетті шаралар қабылдансын.
3. Министрліктер мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін жауапты деп белгілей отырып, кездесу шеңберіндегі іс-шараларға құжаттамалық, ақпараттық және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен(келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, Республикалық ұланмен (келісім бойынша) бірлесіп қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ресми делегацияларын әуежайда қарсы алу мен шығарып салуды және қоғамдастыққа қатысушы мемлекеттердің үкіметтері басшыларының құрметіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдаулар өткізуді ұйымдастырсын;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп 23-25 қарашада Алматы қаласында қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің сарапшылар топтарының кездесуін өткізсін.
4. Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің делегацияларына қызмет көрсетудің деңгейін арттыру мақсатында оларға 1-қосымшаға сәйкес министрліктер бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі үкімет басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен кедергісіз ұшуын қамтамасыз етсін. Көлік және коммуникациялар министрлігі арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, тұрақ орынды және жанармай құюды ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша) , Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Ішкі істер министрлігі үкімет басшыларының қауіпсіздігін, әуежайда, жол жүру бағыттары бойынша және делегациялар болатын орындарда лайықты құқық тәртібін қамтамасыз етсін.
7. Астана қаласының әкімі ресми делегацияларды қарсы алу және шығарып салу, жүру бағыттары, Астананың әуежайы мен көшелерін безендіру жөніндегі барлық ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі ресми кездесулердің шеңберіндегі іс-шаралардың кеңінен
көрсетілуін қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Астана қаласының
әкімі заңдарда белгіленген тәртіппен қоса беріліп отырған 2-қосымшадағы
сметаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты
есебінен кездесу шеңберіндегі іс-шараларды өткізуге арналған шығыстарды
жүргізсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1998 жылғы 11 қарашадағы
N 220-өкімімен
бекітілген
Кезекті мәжілістің негізгі іс-шараларының
БАҒДАРЛАМАСЫ
__________________________________________________________________________
|рет|Іс-шаралардың атауы |Орындау мерзімі | Орындауға жауаптылар
|N | |(1998ж.) |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|1. |ОАЭҚ қатысушы мемле- |25 қарашаға |Сыртқыісмині, Қазақстан
| |кеттермен мәжілістің |дейін |Республикасы Премьер-Министрі
| |мерзімдері мен бағ- | |Кеңсесінің Сыртқы экономикалық
| |дарламасын келісу | |байланыстар және протокол
| | | |бөлімі
|___|_____________________|________________|_______________________________
|2. |Негізгі делегация, |1 желтоқсанға |Сыртқыісмині, Қазақстан
| |ілесіп жүретін адам- |дейін |Республикасы Премьер-Министрі
| |дар, баспасөз, алдың-| |Кеңсесінің Сыртқы экономикалық
| |ғы жұмыс тобының құ- | |байланыстар және протокол
| |рамы бойынша ұсыныс- | |бөлімі, Премьер-Министрдің
| |тар әзірлеу | |Баспасөз қызметі
|___|_____________________|________________|_______________________________
|3. |ОАЭҚ қатысушы мемле- |1 желтоқсанға |Көліккоммині,
| |кеттердің тиісті ор- |дейін, сапар |Қорғанысмині,
| |гандарымен Қазақстан-|кезеңінде |Сыртқыісмині
| |ның аумағы арқылы ар-| |
| |найы ұшақтардың ұшып | |
| |өтуі, олардың тұрағы,| |
| |қызмет көрсетулер мен| |
| |жанар май құю мәселе-| |
| |лерін келісу | |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|4. |Әуежайды, |1 желтоқсанға |Астана қаласының әкімі,
| |делегациялардың жол |дейін |Президенттің - Іс Басқармасы
| |жүру маршруттары | |(келісім бойынша)
| |бойынша Астана | |
| |көшелерін безендіру | |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|5. |Мәжілісті протоколдық|Сапар кезінде |Қазақстан Республикасы Премьер-
| |қамтамасыз ету | |Министрі Кеңсесінің Сыртқы эко-
| | | |номикалық байланыстар және про-
| | | |токол бөлімі, Сытрқыісмині
|___|_____________________|________________|_______________________________
|6. |Делегациялардың | - // - |Президенттің Күзет қызметі
| |әуежайда, жол жүру | |(келісім бойынша), Ішкіісмині,
| |маршруттары бойынша | |ҰҚК (келісім бойынша)
| |қауіпсіздігін | |
| |қамтамасыз ету | |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|7. |Алматы қаласында |30 қарашаға |Президенттің Іс басқармасы
| |ОАЭҚ Премьер-министр-|дейін |(келісім бойынша), Қаржымині,
| |лері кеңесінің мәжі- | |ОАЭҚ Атқару Комитетінің Алматы
| |лісіне құжаттарды | |қаласындағы ресми өкілдігі
| |дайындау жөніндегі | |(келісім бойынша), Сыртқыісмині
| |сарапшылар отырысын | |
| |өткізу (ү.ж.23-25 | |
| |қарашасында), сарап- | |
| |шыларды қабылдау жағ-| |
| |дайларын пысықтау | |
| |(қонақ үйі, тамақтан-| |
| |дыру және көлік), | |
| |қаржыландыру көздері | |
| |жөнінде ұсыныстар | |
| |енгізу | |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|8. |ОАЭҚ қатысушы-мемле- |20 қарашаға |Қаржымині, Астана қаласының
| |кеттер делегациялары-|дейін |әкімі
| |ның болуын қаржылан- | |
| |дыруды қамтамасыз ету| |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|9. |Делегацияларды |Кездесу кезінде |Президенттің Іс Басқармасы
| |қабылдау жағдайлары | |(келісім бойынша), Сыртқыісмині
| |мен шаруашылық қызмет| |
| |көрсету мәселелерін | |
| |белгілеу(орналастыру,| |
| |тамақтандыру, көлік- | |
| |тік қызмет көрсету- | |
| |лер), ескерткіш | |
| |кәдесыйларын | |
| |дайындау | |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|10.|Делегация мүшелеріне |Кездесу |Президент Іс Басқармасының
| |медициналық қызмет |кезеңінде |Медициналық орталығы (келісім
| |көрсету | |бойынша)
|___|_____________________|________________|_______________________________
|11.|ОАЭҚ Премьер-министр-|Кездесу |Президенттің Іс-Басқармасы
| |лерінің құрметіне |кезеңінде |(келісім бойынша)
| |Премьер-Министр аты- | |
| |нан ресми қабылдауды | |
| |ұйымдастыру | |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|12.|Қырғыз Республикасы, |25 қарашаға |Сыртқыісмині (үйлестіру),
| |Тажікстан Республика-|дейін |мәжілістің күн тәртібіне сәйкес
| |сы, Өзбекстан | |министрліктер мен ведомстволар
| |Республикасы басшы- | |
| |ларымен келіссөздерге| |
| |тезистер әзірлеу | |
| |- ел туралы анықтама | |
| |материалдар, басшылар| |
| |туралы биографиялық | |
| |мәліметтер | |
| |- ҚР мен ОАЭҚ-ға қа- | |
| |сушы мемлекеттердің | |
| |әртүрлі салалардағы | |
| |ынтымақтастығын дамы-| |
| |тудың жай-күйі және | |
| |перспективалары | |
| |туралы анықтама мате-| |
| |риалдар келіссөздер | |
| |барысында қойылатын | |
| |мәселелер; | |
| |-Премьер-Министрдің | |
| |ресми қабылдауларда | |
| |және баспасөз конфе- | |
| |ренциясында сөйлейтін| |
| |сөздерінің жобалары | |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|13.|Күн тәртібіне сай |30 қарашаға |Министрліктер мен ведомстволар,
| |құжаттарды келісуді |дейін |Сыртқыісмині
| |аяқтау және қол қоюға| |
| |әзірлеу | |
|___|_____________________|________________|_______________________________
|14.|Радиохабарларды |желтоқсан |Премьер-Министр Кеңсесінің
| |және баспасөз үшін | |Баспасөз қызметі, Сыртқыісмині
| |материалдарды дайын- | |
| |дау, сапар мен оның | |
| |қорытындыларын БАҚ-та| |
| |жария ету | |
|___|_____________________|________________|_______________________________
Ескертпелер:
* - ОАЭҚ Премьер-министрлері кеңесінің 1997 жылғы 7 тамыздағы
шешіміне сәйкес ОАЭҚ қатысушы мемлекеттері сарапшыларының мәжілісін
өткізу, олардың тұруы және тамақтануы бойынша шығыстарды қабылдаушы тарап
көтереді.
** - ОАЭҚ шеңберінде қабылданған тәжірибеге сәйкес мәжілісті өткізу
бойынша шығыстарды қабылдаушы тарап көтереді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1998 жылғы 11 қарашадағы
N 220 өкімімен
бекітілген
Премьер-Министрлер кеңесінің мәжілісіне қатысатын Қазақстан
Республикасы ресми делегациясының
ҚҰРАМЫ
РЕСМИ ДЕЛЕГАЦИЯ
1. Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
2. Кәрібжанов Жәнібек Сәлімұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары
3. Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы - Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
4. Әблязов Мұхтар Қабылұлы - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда министрі
5. Нұрқиянов Төлеухан Мұратқанұлы - Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
САРАПШЫЛАР
6. Омаров Қайсар Оспанұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Кеңсесі ТМД елдерімен
байланыстар жөніндегі
бөлімінің меңгерушісі
7. Әбітаев Есберген Әбітайұлы - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда бірінші вице-министрі
8. Смирнов Анатолий Владимирович - Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер вице-министрі
9. Ахметов Әбутәліп Ібіжанұлы - Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Департамент директоры
10. Тұрысбеков Заутбек Қауысбекұлы - Қазақстан Республикасы
Көші-қон және демография
жөніндегі агенттігінің төрағасы
11. Рябцев Анатолий Дмитриевич - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Су шаруашылығы жөніндегі
комитеті төрағасының орынбасары
12. Қуанышев Дулат Оразбекұлы - Қазақстан Республикасы
Инвестиция жөніндегі
мемлекеттік комитетінің
Департамент директоры
13. Нүпов Құндыз Шамахұлы - Қазақстан Республикасы
Энергетика, индустрия және
сауда министрлігінің Департаменті
директорының орынбасары
14. Ордабаев Самат Исламұлы - Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
бөлім бастығы
15. Бисембаев Абай Айдарханұлы - "Қазазық-түліккорпорация"
ЖҮАҚ президенті
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1998 жылғы 11 қарашадағы
N 220 өкіміне
1-қосымша
Орталық Азия экономикалық қоғамдастығына қатысушы
мемлекеттер делегацияларына бекітілген Қазақстан Республикасы
министрліктерінің
ТІЗІМІ
Қырғыз Республикасы Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
(Т.М. Нұрқиянов)
Тәжікстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі
(А.С. Сәрсенбаев)
Өзбекстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі
(С.М. Бүркітбаев)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
1998 жылғы 11 қарашадағы
N 220 өкіміне
2-қосымша
Орталық Азия экономикалық қоғамдастығы Премьер-министрлері
кеңесінің және сарапшы топтардың мәжілісін өткізуге арналған
шығыстардың
СМЕТАСЫ
1998 жылығы 4 желтоқсан, Астана - ОАЭҚ Премьер-министрлерінің кеңесі
(1+4+16 формуласы)
1998 жылғы 23-25 қараша, Алматы - ОАЭҚ сарапшыларының мәжілісі (1+10
формуласы) + (1+5 - Атқарушы комитеттің қызметкерлері)
__________________________________________________________________________
|N |Қызмет көрсетулердің аты | Сомасы (АҚШ доллары)
|___|___________________________________________|__________________________
|1. |Премьер-министрлерді орналастыру |
| |("Алатау Интерконтиненталь") |
| |3 номер х 1 тәулік х тәулігіне 520 $= | 1560
| | |
|2. |Ресми делегация мүшелерін орналастыру |
| | ("Алатау Интерконтиненталь") |
| |Тәулігіне 295 $-дан 15 номер есебінен |
| | бір орынды номерлерде |
| | 15 номер х 1 тәулік х 295 $= | 4425
| | |
|3. |Ілесіп жүретін адамдарды орналастыру |
| |(Интурист, Турист, Ишим) |
| | Тәулігіне 40 $-дан 45 номер есебінен | 1800
| | 45 номер х 1 тәулік х 40 $= |
|___|___________________________________________|__________________________
| | Жиыны |7785+20% ҚҚС= 9342 $
|___|___________________________________________|__________________________
| | |
|___|___________________________________________|__________________________
|4. |Тамақтандыруға кететін шығыс |
| |Мәжіліске қатысушыларды тамақтандыру |
| |70 адам х 50 $ х 1 күн есебінен = | 3500
|___|___________________________________________|__________________________
| | Жиыны |3500+20% ҚҚС = 4200 $
|___|___________________________________________|__________________________
|5. |Көліктік қызмет көрсетулерге арналған |
| | шығыстар |
| | -3 Мерседес (седан) сағатына 50$ |
| | 3 автомашина х 50 $ х тәулігіне 3 сағат= | 450
| | |
| | - 6 Фиат (седан) сағатына 20 $ |
| | 6х 20 $ х тәулігіне 3 сағат = | 360
| | |
| | - 6 шағын автобус сағатына 20 $ |
| | 6 х 20 $ х тәулігіне 3 сағат = | 360
|___|___________________________________________|__________________________
| | Жиыны |1170$+20% ҚҚС = 1404 $
|___|___________________________________________|__________________________
|6. |ОАЭҚ Премьер-министрлер кеңесінің мәжілісін|
| |өткізу үшін үй-жай жалдау, сағатына 250$ |
| |деген есеппен 250$ х 3 сағат = |750+20%ҚҚС = 900$
|___|___________________________________________|__________________________
|7. |ҚР Премьер-Министрі Н.Балғымбаевтың атынан |
| |70 адамға қабылдау. Әр адамға 100$ есебінен|
| |70 адам х 100 $ = |7000+20%ҚҚС = 8400 $
|___|___________________________________________|__________________________
|8. |Жиынтығы тәулігіне 10 $ есебінен ұтқыр |
| |байланыс құралдарын жалға алу: |
| |- алып жүретін радиостанциялар - 10 дана; |
| |- 1 сағаттық зарядтық құрылғылар - 10 дана;|
| |- гарнитура - 20 дана. |
| |10 дана х 10 $ = |100$+20% ҚҚС = 120 $
|___|___________________________________________|__________________________
|9. |Баспа және имидждік өнім: |
| |Делегация басшылары үшін папкілер - 4 дана.|
| |Кәдесый өнімі - 15 дана |
| |Файл кавер - 15 дана | 1000 $ + 20% ҚҚС = 1200 $
| |Қарапайым қалам - 15 дана |
| |Қарапайым блокнот - 15 дана |
| |Табличка - 4 дана |
| |Үстелге қоятын жалаушалар - 4 дана |
| |Автомашиналарға қадалатын жалаушылар -4дана|
| |Автомашиналарға рұқсаттама - 15 дана |
|___|___________________________________________|__________________________
| | Жиыны | 25566 $
|___|___________________________________________|__________________________
| | Көзделмеген шығыстар | 2556
| | (жалпы сомадан 10%) |
|___|___________________________________________|__________________________
| | Жиыны | 28122 $
|___|___________________________________________|__________________________
| |Сарапшылар мәжілісін өткізу жөніндегі |
| |шығыстар(Алматы қаласы, 1998 жылдың |
| |23-25 қарашасы) |
|___|___________________________________________|__________________________
|1. |Сарапшыларды (1+10)+(1+5 Атқарушы комитет- |
| |тің қызметкерлері) қонақ үйде 4 бір орындық|
| |номер(басшылар) және 25 екі орындық номер |
| |есебінен орналастыру 4 номер х 100$ х 3 күн| 1200 $
| |25 номер х 90 $ х 3 күн | 6750 $
|___|___________________________________________|__________________________
| | Жиыны | 7950 $
|___|___________________________________________|__________________________
|2. |Бір адамға 60 $ есебінен тамақтандыруға |
| |кететін шығыстар 45 адам х 60 $ х 3 күн | 8100 $
|___|___________________________________________|__________________________
|3. |Күніне 2 рет 5 $-дан қатысушыларға үзіліс- |
| |тер кезінде ұсынылатын кофе, шай |
| |45 адам х 5 $ х 2 күн = | 450 $
|___|___________________________________________|__________________________
|4. |Сағатына 20 $-дан тәулігіне 4 сағаттан |
| |көліктік қызмет көрсетулерге кететін |
| |шығыстар 2 автобус х 20 $ х 4 сағат = | 160+20%=192 $
|___|___________________________________________|__________________________
|5. |Сағатына 250 $-дан 20 сағатқа үй-жай жалдау| 5000$
|___|___________________________________________|__________________________
|6. |ҚР Үкіметінің атынан қабылдау 50 адамға |
| |100 $-дан есебінен | 5000$
|___|___________________________________________|__________________________
| | Жиыны | 26692 $
|___|___________________________________________|__________________________
| | |
|___|___________________________________________|__________________________
| | Көзделмеген шығындар |
| | (жалпы сомадан 10%) | 2670$
|___|___________________________________________|__________________________
| | ЖИЫНЫ | 29362 $
|___|___________________________________________|__________________________
|___|___________________________________________|__________________________