Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар мен лицензияларды сақтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ӨКІМІ 1998 жылғы 24 қараша N 230

      Берілген келісім-шарттар мен лицензияларды мемлекеттік тіркеу мен сақтауды, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі шарттарын тіркеуді жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1700 қаулысына P971700_ сәйкес:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және экология министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы және оның аффилиирлендірілген ұйымдары бір апта мерзім ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісім-шарттар мен лицензиялардың түпнұсқаларын Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетіне берсін.
      2. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады